МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ЕЛ КУБОГІН ИЕЛЕНГЕН БАСКЕТБОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (+фото)

img 20220219 wa0065 1 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов биылғы ел кубогінің жеңімпазы – «Атырау барыстары» баскетбол командасымен кездесті.

– Команда ойыншыларымен алғаш жүздесіп жатырмын. Кубок құтты болсын! «Атырау барыстары» – еліміздегі ең жоғары жетістіктерге жетіп жүрген команда. Біз өз тарапымыздан жергілікті жерде спорт саласын жан-жақты дамытуға қолдан келген барлық жағдайды жасаудамыз. Жас ойыншыларда алдыңғы буын ағаларынан үлгі алып, болашақта талай биіктерді бағындырады деп сенеміз, – деді жеңімпаздарды құттықтаған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

“Баскетболшыларымыз бас бапкер Гекчян Тигранның жетекшілігімен көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орын алып жүр. Бұл ретте, Атырау өңірі республикада көш бастап тұрғанын айрықша атап өту керек.  Ал, биылғы ел біріншілігінде Ұлттық құрама командасының мүшелерінен құралған алпауыт «Астана» командасын ойсырата жеңуі – 19 жылдағы ең жоғары көрсеткіш”, – деген баскетбол клубының директоры Болат Мұхамбетқалиев қаржылық жағынан да проблема жоқ екенін айтып, спортқа жасаған қолдауы үшін аймақ басшысына алғысын жеткізді.

Сондай-ақ облыс әкімі клуб басшылығы мен спортшылармен тілдесіп, толғандырып жүрген мәселелерін сұрап, сауалдарына жауап берді.

img 20220219 wa0063

Бір ерекшелігі, бұл – Еуропа жасөспірімдер лигасында өнер көрсететін Қазақстандағы жалғыз команда. Ең бастысы – команда сапындағы ойыншылардың 80 пайыздан астамы – жергілікті спортшылар. Арасында Құрманғазы, Исатай және Индер аудандарының балалары да бар.

Айта кетейік, 2003 жылы құрылған баскетбол командасы бұған дейін екі дүркін Қазақстан чемпионы, бес дүркін күміс жүлдегер атанды. Соңғы рет 2009 жылы чемпион болды.

Қазір баскетболшылар 15-20 наурыз аралығында Ереван қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық қауымдастығы елдерінің чемпионаты мен Қазақстан Республикасының 2021-2022 маусымда өтетін тұрақты чемпионатқа дайындалып жатыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20220219 wa0066
img 20220219 wa0068
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз