ЖаңалықтарҚоғам

Сапалы тауар – бәсекелестікте

Бүкіләлемдік Сапа күні 1989 жылы еуропалықтардың бастамасымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен бекітілген-ді. Міне, содан бері атап өтіліп келеді. Бұл жолы ол Атырауда республикалық Техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің ұйымдастыруымен  «Тиімді басқарудың пайдасы» тақырыбымен өтті.

%d1%81%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%bb%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d1%83%d0%b0%d1%80-%d0%b1%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%81%d1%82%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5

Алдымен, жиналғандарды департамент басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Елеусінова, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Атырау филиалы директоры Нұрлан Орынбаев, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы Сәулет  Құсайынова  құттықтады.

— Облысымыз сапа менеджментін енгізу бойынша алдыңғы ондықтың қатарында.  Осындай құжатқа ие болғандардың  саны бүгінде 296-ға жетті. Тағы  92 мекеме дайындық сатысында. Олардың сапалы өнімдеріне тұтынушылар тарапынан сұраныс та көп. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады, — дейді   Алмагүл Елеусінова.

Аталған іс-шараның мақсаты – өнім мен қызметтің сапасын арттыру және  бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдары мен кәсіпорындардың  күшін біріктіру.

— Әр адам сапалы тауар мен қызмет алуға құқылы. Ал, сапалы өнім бәсекелестік болған жерде ғана шығарылады. Тұтынушыға керегі де сол, кәсіпкерлік те солай дамиды. Сондықтан, сапаны қалай көтеру керектігі жөнінде мекемелерден сұраныс түсіп жатса, мұндай семинарларды келешекте де өткізуге дайынбыз, — дейді Нұрлан Орынбаев.

Өнім өндірушілерге осындай талап қойған шараның ұйымдастырушылары  сонымен қатар, аймақтағы сапалы өніммен көзге түскен алдыңғы қатарлы кәсіпорындарды Алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында «ЭйДиАй Индастриал Сервисез Казахстан», «Компания «Жаһан», «Каспиан Костракшэн Компани Лимитед», «АтырауНефтеМаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және тағы басқа мердігер мекемелер мен жеке тұлғалар бар.

Нұр ИСЛАМ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button