Вирусолог омикрон штамының үш ерекше белгісін атады

photo 90934 Жаңалықтар

Новосибирск мемлекеттік университетінің бионанотехнология, микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесов омикронның басқа штамдардан қандай белгілермен ерекшеленетінін айтты.

Вирусологтың айтуынша, омикронды басқа COVID-19-дан ерекшелейтін бірқатар белгілері:  жиі түшкіру, тамақ ауруы және мұрынның ағуы. Ғалымның айтуынша, бұл белгілер коронавирустың «ухань» нұсқасына тән емес.

Нетесов омикрон белгілерінің көпшілігі басқа нұсқалармен салыстырғанда жеңіл өтетінін айтты. Маман жаңа штамм туралы мәліметтер африкалық дәрігердің бақылауынан алынғанын және басқа елдердің ақпаратын күту керектігін де айтты.

«Бұл нұсқа «дельтаны» ығыстыруы мүмкін, соңын күтуіміз керек», – деді вирусолог, жаңа штамм жұқтырған науқастарға COVID-19-ға қарсы вакцина салынбағанын да сөзге тиек етті.

 Tengrinews.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз