Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Махамбет Досмұхамбетов «ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

«Аймақ басшысы  Махамбет Досмұхамбетов  Атырау облысына  жұмыс сапарымен келген «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады», деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кездесу барысында ардагерлердің қоғамдағы орны мен облыстық ардагерлер ұйымының атқарып жатқан жұмыстары талқыланды. Ардагерлердің өңірдің әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына  қосып жатқан үлесі зор екендігін айтқан облыс әкімі ұйымның жұмыстарына табыс тіледі.Өз кезегінде Өмірзақ Озғанбаев облыстық ардагерлер ұйымының жұмысына оң баға беріп, ел ертеңі үшін тер төккен ардагерлердің еңбегі еш ұмытылмайтынына тоқталып өтті. 

whatsapp image 2020 10 12 at 15.41.09


—    Кешеден бері Атырау облысында іс-сапарда жүрмін. Осы жұмыс сапарымда  облыстық ардагерлер ұйымының атқарып жатқан жұмыстарымен таныстым. Бірқатар жаңа шаралардың ұйымдастырылғанына,  пандемияға байланысты жұмыстың жаңа түрлері жүргізіліп жатқанына куә болдым. Облыс, қала, аудан әкімдіктерінде  ардагерлерге деген ерекше ықылас сезіліп тұр. Мұның бәрі тәуелсіз елдің экономикасының негізін қалаған, елдің ертеңі үшін тер төккен  азаматтардың  еңбегі ұмытылмайтындығының, олардың назардан тыс қалмайтындығының көрсеткіші, — деді  Өмірзақ Озғанбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button