Жарнама
Жаңалықтар

 «Магистральды Су құбыры» ЖШС колледжге өндірістік құрал-жабдықтарды сыйға тартты

Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында тәжірибегенегізделген оқыту бағытын дамыту мақсатында және жаңа оқу жылының басталуына байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Магистральды Су құбыры» ЖШС Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжіне ірі габаритті механикалық және технологиялық өндірістік құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар басқармасы хабарлады.

f3b28161 2709 47e4 a635 7be8f99aae33

Колледжге құбыр көлігінде және мұнай-газ өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын құрал-жабдықтар: AD6300 0-2 жоғары қуатты магистральдық сорғы, сондай-ақ өшіру клапандары жеткізілді.

Бұл бастаманың мақсаты – оқу орнын Қазақстанның магистральдық құбырларында қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, «Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау» мамандығы бойынша студенттерді оқыту сапасын арттыру.

e8af61d8 3b81 49d7 bfb3 0282ec57b1ef

– Болашақ жас мамандарды дайындауда теория мен практиканы жақындастыру – ел болашағына, оның дамуы мен бәсекеге қабілеттілігіне салынған инвестиция, – деді жабдықты тапсыру рәсімінде «Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директоры Еркін Таңқыбаев.
– Бұл қадам ұстаздарға білікті жас кадрларды дайындауға көмектесіп, студенттер колледжді бітіргеннен кейін өндіріс орындарында өздеріне сенімді болады деп ойлаймын.

Білім беру мекемесінің басшылығы оқу үдерісін жетілдіруге атсалысқан өндіріс қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Колледжді жабдықтауға қосқан үлес – бұл әлеуметтік жауапты бизнестің жарқын мысалы, ол аймақ пен ел үшін білікті мамандар дайындаудың маңыздылығын түсінеді.

Айта кету керек, «ҚазТрансОйл» АҚ — магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор.  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес ұйымы. Ұзындығы 5,2 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді және 5 мың км-ден астам сырт ұйымдар құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтер атқарады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button