Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

«Мәтен» деген кеніш бар мұнай берген…

Ел тәуелсіздігінің алтыншы жылы құрылған «Матен» біріккен кәсіпорнының облыс орталығынан 150 шақырым жердегі Қызылқоға ауданы аумағында орналасқан мұнайлы кен орны бар. Кен алаңында жүргізілген барлау-бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде «қара алтын» қоры сексенінші жылдардың орта тұсында анықталған еді. Одақ ыдырап, ел экономикасы нарықтық жолды таңдаған тұста баланстық қоры барланған мұнайды игеру қиынға соқты. Сондықтан, бұған шетелдік капиталды  тарту аса қажет болды.

отандық өндіріс

1997 жылғы 15 наурызда «Ембімұнайгаз» АҚ мен жарғылық қоры 6,4 млн. АҚШ долларын құрайтын «Матойл С.А.» компаниясының бастамасы негізінде жаңа кәсіпорын құрылған-ды. Бастапқы кезеңде 19 ұңғымамен, 33 жұмысшы-қызметкерімен қазақ-түрік   кәсіпорны ретінде іс бастаған ұжым бүгінде  жиырма жылдық тарихи табысты жолдан өтті.

Осынау мерейлі жиырма жылдық белес қарсаңында  «Мәтен Петролеум» АҚ-ның Қызыл-қоға ауданындағы кен орнынан «қара алтын» өндіріп жатқан мұнайшылардың тыныс-тіршілігімен танысудың сәті түсті. Компания бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Рашид АГИЮЕВПЕН арадағы сұхбатымыз қазақ-қытай біріккен кәсіпорнының  мұнай өндіру, аймақтың экономикалық дамуына қосар үлесі, жұмысшы-қызметкерлердің әлеуметтік  мәселелерін шешудегі атқарып жатқан шаруалары төңірегінде өрбіді.

Өткен жылдар өрнегі

– 1996-1997 жылдары қаржылық жағдай қиын болатын. Мұнайдың құны қазіргі кездегі-ден әлдеқайда арзан. Осындай қиын-қыстау кезде ембілік мұнайшылар  тығырықтан шығар жол тауып, «Матойл» түрік компаниясын өзіне серіктес етті. Қызылқоға ауданындағы Мәтен әулие жерленген жерде қазақстандық кәсіпорын мен «Матойл» түрік компаниясының бірлесуі негізінде «Мәтен» қазақ-түрік біріккен кәсіпорыны құрылды. Мұнай өндірушілер егемен елімізбен бірге өсіп дамыды. Қазіргі таңда кәсіп-орын облыстың дамуына қомақты қаржылық үлес қосуда,-дейді Рашид Агиюев.

– Қазір шетелдік мамандардың орнын толықтай қазақстандық жұмысшылар басты. Қазір 160-тан астам қазақстандық маман жұмыс істейді. Қазақтың баласы қай мамандықтың тізгінін ұстаса да, бәсекеге қабілеттілік қауқары мен қабілеті барын анық байқатты. Ұжымда Төлеген Байзақов, Мәлік Ерғалиев,  Арыстанбай Ихсанов, Гүлжан Өтегенова, Қаднен Құдабаев сынды ардагерлеріміз бен бүгінгі таңда кен орнында жұмыс істеп жүрген Мұрат Дүйсенбаев, Аманкелді Арыстанбай, Ғалымжан Құр-манғазиев, Рахметолла Тікен-баевтардың есімдері құрметпен аталады.

отандық өндіріс2

«Қара алтын» қоры еселенді

– Әлемдік нарықта «қара алтын» бағасы құбылып   тұрған шақта, сіздің мұнай өндіруші кәсіпорынға  дағдарыстың сал-қыны сезілді ме? Бүгінгі хал-ахуал туралы білсек деп  едік?  

– Кәсіпорын әлемдік деңгейдегі өзгерістермен бірге алға қадам басып отыр. Мұнайлы нысанда 98 ұңғыма тоқтаусыз жұмыс жасап тұр. Айтуға ғана оңай болғанымен, шын мәнінде осы ырғақты шаруаның астарында қаншама мұнайшының еңбегі жатыр десеңізші?! 25 жылға жалға берілген кен орнында  мұнайдың 70 пайызы өндірілді деп айтуға болады. Әлі де алда бейнеті мен табысы мол жұмыстар жетерлік.

Бүгінгі таңда кен орны өңдеудің үшінші кезеңінде тұр. «Мәтен» мұнайын өндіруден 1-топты сапалы мұнайды дайындауға дейінгі техноло-гиялық тізбек кен орны басында қарастырылған. Үш фазалы сұйықтықты өлшеудің автоматтандырылған жүйесі орнатылды. Өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру үшін арнайы техникалар мен жабдықтар алынды. Қуаты 2175 кВТ/сағат электр энергиясын өндіретін ілеспе газбен жұмыс істейтін поршенді электрстансасы іске қосылды.

«Мәтен» кен орнының жалпы аумағы 25 шаршы шақырымды алып жатыр. Өткен жиырма жылда кен орнында жүзден астам ұңғыма бұрғыланды. Мұнайдың геологиялық барланған қоры 12 млн. тоннаны құрайды. Күні бүгінге дейін 3 млн. тоннадан астам мұнай өндіруді қамтамасыз еттік. Тарих қойнауына кеткен 20 жылда кен алаңындағы «қара алтын» қоры екі еседен астам өсті. 2016 жылы 427, 5 мың тонна мұнай өндірді, ал, биылғы меже – 450 мың тонна.

Экономиканы құрсаулаған дағдарыстың әсері тиіп жатыр деуге болмайды. Себебі, өндірілген өнімнің 75-80 пайызы құбыр арқылы шет мемлекеттерге экспортталады. Мұнайшылар айлық еңбек-ақысын уақытылы алады. Ұжымдық шартқа сәйкес қарастырылған жеңілдіктерді жұмысшылар толығымен пайдаланады. Жеті қат жер астынан өндірілетін өнім көлемін қалыпты деңгейде ұстап келеміз. Биыл дағдарысқа байланысты барлық қызметкердің жалақысын 7 пайызға өсірдік.

отандық өндіріс3

Үздік салық төлеуші

– Расында өнім өндіру тұрақты болса, мемлекетке түсетін салық та қомақты болады ғой. Компания салықтық түсімдерді аударуда үздіктер қатарында деп естиміз. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?

– Өткен жылы компанияның жергілікті бюджетке салықтай түсімінің көлемі 5 млн. доллар көлемінде болды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым көп. 2015 жылы «Үздік салық төлеуші кәсіпорын» аталымы бойынша жеңімпаз атандық. Біз өнді-рілген тауарлы шикізат өнімін халықаралық Brent  стандартына сай дайындауды қамтамасыз етуге күш саламыз. Кен алаңынан 30 шақырым жерде «Кеңқияқ-Атырау» магистралды мұнай құбыры өтеді. Сол құбыр арқылы кен алаңынан сапалы өнім тауарлы қалыпта тұтынушыларға жеткізіледі.

Компания әр жылдардың қорытындысымен облыста да, республика бойынша да «Үздік салық төлеуші» аталымына ие болғанын мақтан етеді. Өндіріске жаңа технологияны енгізу, ұңғымалардың тиімділігін арттыру бағытында өнім көлемін ұлғайту  мәселесі ойластырылуда. Өйткені, бұл мәселенің өзі, біріншіден, ұжымның беделі мен абыройын асқақтатса, екін-шіден, ұжымда қазақстандық патриотизмді орнықтыра түседі.

Рашид Ілесұлы,  кен алаңындағы вахталық қалашықта  «қара алтын» өндірушілердің алаңсыз еңбек етуіне барлық жағдай жасалған. Ондағылар қаладағыдай тірлік кешуде десе  болғандай екен.

– Иә, шынында да солай. Орталықтандырылған жылу беру, ыстық және салқын сумен жабдықтау, суды екінші рет тазартудан өткізу жүйелері жұмыс істейді.  Мұнайшылар жайлы жатақханамен, тамағы дәмді дайындалатын 40 орындық асханамен, спорт залмен қамтамасыз етілген. Жұмыстан кейін теледидар көреді. Жазғы уақытта алаңға шығып, футбол, волейбол ойнайды.

Бақытжан ЖҰМАТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button