АТЫРАУЛЫҚ АЗАМАТ АЛМАТЫҒА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН СЫЙЛАДЫ

screenshot 20220114 125024 Жаңалықтар

Атырау қаласының тұрғыны Әділ Жұбанов Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жыл жан түршігерлік оқиғадан басталды. Халқымыз үшін осындай бір қиын-қыстау кезеңінде, сондай-ақ, Президентімізді және оның «Күшіміз бірлікте» деген ұранымен басталған үндеуін қолдай отырып, көмек көрсетуді жөн көрдім. Қаңтардағы қайғылы оқиғаның біздің мемлекетімізге қаншалықты шығын әкелгені бәрімізге мәлім. Өртенген ІІМ автокөліктері, әскери машиналар және жедел жәрдем көліктері. Бүгінгі күні бүкіл халық бірлесіп қолынан келгенше өз көмегін көрсетуде. Мен және менің отбасым халқымызға шұғыл көмек көрсету мақсатымен жедел жәрдем көлігін сыйлайық деп шештік»,- Әділ Жұбанов.

Орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры Ұлықбек Медеубековтың айтуынша, жедел жәрдем көлігі гемодиализден амбулаторлық түрде емделіп жатқан пациенттерді тасымалдау үшін қолданылады.

«Мұндай көмек медициналық көмек көрсетуді жақсарта түсуі абзал және де бұл бізге өте маңызды» – дейді Орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз