«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумында түйе палуандар жарты миллон теңге иеленді

5 Жаңалықтар

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық форум аясында абсолюттік салмақ дәрежесінде түйе палуандар арасында турнир өтті, деп хабарлайды Атырау қалалық спорт бөлімінің баспасөз қызметі.

5

Турнирге еліміздің барлық облыстарынан және Грузия мемлекетінен барлығы 12 балуан қатысты. Жарыстың жүлде қоры 4 млн.теңгені құрады.

«Қазіргі уақытта Атырау облысында ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді, солардың бірі қазақша күрес. Жарысқа «Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» турнирлерінің жеңімпаздары қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті», – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Жарыстың жеңімпазы Шығыс Қазақстандық Нұғымаров Айбек иеленді. Ақтық сында Алматылық Нұралинов Дәуренді ұтты.

56

Үшінші орын қарағандылық Шынкеев Ержан мен Алматы қаласының балуаны Абдразақов Руслан еншіледі.

 

Хорлан СМАДИЯР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз