Ұлттық құндылықтар – тәрбие бастауы
«Жат ағымдармен күресте дәстүрлі діни және ұлттық рухани тәрбиенің құндылықтарын насихаттау қажет». «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының» мамандары осылай дейді.
Атырау қаласындағы №35 мектеп-гимназиясында өткен «дөңгелек үстел» барысында, аталмыш орталықтың директоры, теолог Қанат Жұмағұл және өңірімізге арнайы шақыртумен келген дінтанушы Ернар Мәжен жас ұрпақты тәрбиелеудегі қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы ойларымен бөлісті.
Сонымен қоса, төл мәдениетіміз, дәстүріміз бен тіліміз, дініміз жаңа тұғырға көтерілген тұста, елдігімізге сына қағуды көздейтін уахабилік, салафилік ағымдар шебер пайдаланып отырған әдіс-тәсілдер және олардың қауіптілігіне тоқталды.
Шара барысында көптеген сұрақтарға жауап беріліп, Атырау облысы Дін істері басқармасының тарапынан ұсынылған діни-ақпараттық материалдар таратылды.
Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.
Өңірімізде жастарымызға дін туралы дұрыс мағұлмат беретін осындай шаралар жиірек өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болатын еді. Жалпы ризамыз, жақсы үрдіс екен.