Мал іздеуге шыққан Индер тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті

mchs news Жаңалықтар

23.01.2019 21:17 сағат

Индер ауданының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 22 қаңтар күні түскі мезгілде тіркелген. 1957 жылы туылған азамат  Жарсуат ауылынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан «Қуат» участогінен  сағат 14:00 шамасында шығып кетеді. Жоғалған малын іздеп шыққан азамат «Уаз» автокөлігін тізгіндеген.

mchs_news

«Тұрғынның із-түзсіз жоғалғандығы туралы шағым бастапқыда Жарсуат ауылының әкіміне түскен.  Қазіргі таңда азаматты іздестіру жұмыстарына Жарсуат ауылдық  округі әкімдігінен  2 бірлік МТЗ-80 тракторы және 2 нива бөлінді. 11 адам іздестіру жұмыстарына қатысуда. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр» делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Фото – pulse19.ru

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз