Атырауда Жайық өзенінің мұзы жарылды

210318173533523e Жаңалықтар

Атырауда мамандар Жайық өзенінің мұзын жарды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары Самат Құмашевтің айтуынша, Жайық өзенінің сағасында мұз қалмаған. Бұған ауа райының жылынуы мен жаңбырдың жаууы себеп болған. Ал, Атырау қалалық әкімдігі адамдардың қауіпсіздігі үшін Жайық өзенінің мұзын бұзуға кірісу туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты 17 наурызда Дамба ауылының тұсынан мұзды жару басталған. Оған балық аулау кооперативінің катері тартылған.

«18 наурызда өзеннің Жұмыскер ауылының тұсына дейінгі мұзы жарылды. Жайықтың кей тұсында мұздың қалыңдығы 10-12 см-ді құрайды. Бұл катердің қозғалысына аздаған қиындық тудырады. Соған қарамастан өзеннің мұзы Геолог елді мекенінің тұсына дейін жарылад» -деді Самат Құмашев.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз