Құлсарылық кәсіпкерлер несие пайыздарының жоғары екендігіне наразы

DSC 6275 Жаңалықтар

Жылой аудандық аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мен аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен ауылшаруашылығын қолдау бағыттарын түсіндіру шарасы өтті.

DSC_6275

Шаруа қожалықтары жетекшілерінің қатысуымен өткен кездесуді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев жүргізіп, шараның мақсатымен таныстырып өтті. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Атырау облыстық филалына қарасты «Қаржыгер» ЖШС кредиттік серіктестігінің өкілі «Құлан» бағдарламасы бойынша түсінік берді.

DSC_6283

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаев биылғы жылы Атырау облысында ауылдық кәсіпкерлерді шағын несиелеуге 350 млн теңге бөлініп отырғанын жеткізді. Бұл ауылдық кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнес-Аймақ» бірегей бағдарламасы арқасында мүмкін болып отыр екен. Аталған бағдарлама бойынша ауыл кәсіпкерлері 7 пайыздық өсіммен 18 млн теңгеге дейін несие алуларына мүмкіндік туып отыр. Тек кәсіпкер бағдарламада басымдық беріліп отырған 26 бағыт бойынша кәсіп ашса болғаны.

Десек те, құлсарылық кәсіпкерлер оларға берілетін несие пайыздарының жоғары екендігін айтуда.

Қайрат ДҮЙСЕНБЕТОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз