Атырауда үй қабырғаларындағы есірткі жарнамалайтын жазулар өшірілді

200611081213266e Жаңалықтар

Аtr.kz/11 маусым, 2020 жыл. Атырауда үйлердің қабырғасындағы 50-ден астам синтетикалық есірткінің граффити жарнамасы өшірілді, деп хабарлайды Атырау облысының Полиция департаменті.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері волонтерлермен бірге Атырау қаласындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғасындағы синтетикалық есірткіні жарнамалайтын граффити жазуларды өшірді. Екі күн ішінде 50-ден астам жазу өшірілді.

«Атырау облысының полиция департаменті тұрғындарды адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуына бей-жай қарамауға және оған қарсы күресте азаматтық ұстанымды белсенді түрде көрсетуге шақырады. Қала тұрғындары есірткі құралдарын қолдану және тарату туралы қолда бар кез келген ақпаратты 8 (7122) 98-21-55 нөмірі бойынша «Сенім телефонына» хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ Whatsapp желісінде 8 (775) 184-89-49 нөміріне хабарласуға болады» делінген департаменттің Facebook-тегі парақшасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз