Лесхоз тұрғындары эвакуацияланады
Жайық өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты Махамбет ауданы Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарлануда. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.
— Барлығы 7 үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланады. Олар үшін Д.Төленов атындағы орта мектепте орналасқан эвакопункт дайындалды.
Қазіргі уақытта қауіпсіз орындарға жергілікті тұрғындардың 310 мал басы көшірілді, — деп хабарлады төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб.
Айта кетейік, Лесхоз қыстауы Махамбет ауылдық округіне қарайды. Барлығы 25 нысан бар, олардың тек 7-еуі тұрғын үй. Тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады, олардың көпшілігі Махамбет ауылының жергілікті тұрғындары.
Қазір қыстайтын тұрғындар эвакуациялауға дайын, жағдай төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының бақылауында.