«Aqyl Battle» интеллектуалды жарысы басталды

2023 04 26 6447c986ce3d3988913862 Жаңалықтар

“Aqyl Battle CUP” ойынының іріктеу кезеңі басталды.

Жарысқа 14-35 жас аралығындағы ҚР барша азаматтар қатыса алады.

Іріктеуге қатысу үшін “Aqyl Battle” мобильді қосымшасын телефонға жүктеп, тіркеуден өтесіз (тұрғылықты мекен-жай мен жасын нақты көрсету маңызды), турнирға қосыласыз

Ескерту: Іріктеуден өту үшін тек 1 мамыр- 15 мамыр аралығында жинаған ұпай сандарыңыз ғана есепке алынады.

Іріктеу 1-15 мамыр аралығында өткізіледі. Осы уақыт аралығында “Aqyl Battle” мобильді қосымшасында тоқтаусыз ойын ойнап, әр өңір бойынша ең көп ұпай жинаған  100 қатысушы  ІІ-кезеңге шақырту алады.

2-кезең 20 мамырда бастау алып, облыс орталықтарында офлайн форматта өткізіледі. 3 кезең Астана қаласында өткізіліп, қатысушылар турнирға арналған арнайы экипировка, қонақ үй, 2 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі.

Барлық жаңалықтар Aqyl Battle қосымшасында және  @aqylbattle_cup парақшасында жарияланады.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысы бойынша  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ  мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз