«Күшіміз – бірлікте»: Канадалық Майкл Окафор бөгет тұрғызуға атсалысты
Су тасқынына қарсы бөгеттерді бекіту жұмысына Атырауда тұратын шетел азаматтары да көмектесуде. Соның бірі – «Барсы Атырау» баскетбол клубының ойыншысы Майкл Окафор.
Ол мұндай қиындықты елдің бірлігімен ғана жеңіп шығуға болатынын айтты, — деп хабарлайды облыстық жедел штаб.
«Сәлем! Менің есімім – Майкл Окафор. Канададан келген «Барсы Атырау» баскетбол клубының ойыншысымын. Осы жағдайды естігенде байыз таппай, командамызбен осында келдік. Су тасқыны кезінде үйлерге су кірмес үшін бөгетті биіктетіп жатырмыз. Қаламызды табиғи апаттан сақтасақ, тұрғын ретіндегі борышымызды өтегеніміз», — деп басқа қазақстандықтарға жұмыла іс жасауға шақырып, үндеу тастады.
Майкл өз әріптестерінің бөгет соғу жұмысына белсене араласып, тынымсыз тер төккенін баяндады.