Атырауда «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті

Ж рек жылуы¬ Білім

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Атыраудағы білім ордалары игілікті іске мұрындық болды. Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясы жыл сайынғы дәстүрді жалғастырып, «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Наурыз мерекесіне орай сый-сияпатқа бөленген балалардың қуанышында шек жоқ.

Ж__рек жылуы¬

Бұл жолы акцияға көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан жиырмаға тарта оқушы қатынасты. Мерекелік кеште оларға сый-сияпат ұсынылды. Ерекшелігі сол, қайырымдылық шарасына мектеп ата-аналары демеушілік көмек көрсетіп отыр.

– Біз жылдағыдай ата-ана-   ларға, шағын бизнес иелеріне ұсыныс жасаған едік. Ниет білдіргендері ұсынысымызды қабылдады. Жалпы, олар әлеуметтік осал топтарға ұдайы қамқорлық танытып келеді. Бірі мерекелік дастархан әзірлеуге жәрдемдессе, енді бірі оқушыларға қажетті киім-кешек сатып алып берді. Тағы бірі залды безендіруге қол ұшын созды. «Атырау» ән-би тобы әсем билерімен концерттік бағдарламамыздың әрін келтірді,- дейді мектептің әлеуметтік педагогы Анар Егізбаева.

мектеп-гимназия директоры Нұрлы Қабдешова бір топ демеушіге «Алғыс хат» табыс етті. Олардың қатарында «Халидуллина», «Төлеуғалиева», «Сәрсенова», «Идеркенова» жеке кәсіпкерліктері, «Сафари» дәмханасы, К.Тілекқабылова, Ж.Әбдірова, А.Нұрмағамбетова, Б.Байлауов, Н.Баймұрзиева сынды ата-аналар да болды.

Айбөпе Сабырова

Суретті түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз