Көше спортынан қалалық турнир өтті (+ФОТО)

gossluzhba sport 2 Жаңалықтар

Atr.kz/20 маусым, 2019 жыл. Кеше атаулы күнге орай Қ.Смағұлов алаңында көше спортынан қалалық турнир өтті. 

Сайыс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің бастамасымен және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті.

Аталған шараға 100-ге жуық қала тұрғындары қатысты. Сонымен, армрестлинг спорты бойынша 20 адам сынға түсіп, Игорь Деревянин – бірінші, Юсуф Кушпенбаев – екінші және Асланбек Азимов үшінші орындарды иеленді.

gossluzhba sport 1

Ал, кір тасын көтеру сайыстары қызыққа толы болды. Нәтижесінде, 24 келілік тасты 30 рет көтерген Насихат Ізбасаров жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, Игорь Деревянин – екінші, Юсуф Исембаев – үшінші орын алды.

Стритуоркаут спорты бойынша қатысушылар кешенді жаттығулар жиынтығынан тұратын бірнеше кезеңде сынға түсті. Бұл сайыста бірінші орынға – Никита Егоров, екінші орынға – Павел Швазов, үшінші орынға – Герман Бакиров ие болды.

gossluzhba sport

Біз, армрестлинг бойынша қола жүлде иегері Асланбек Азимовты сөзге тартқан едік.

«2018 жылдан бастап Атырау қаласында уоркауд алаңдары мен спорттық аялдамалар салынды. Содан бері осы спорт түрлеріне қызығушылығым оянып, күнделікті айналысуды әдетке айналдырдым. Достарымызбен үнемі осындай сайыстарға қатысып тұрамыз. Орын алмасақ та жастарға үлгі көрсетіп жатқанымыз анық, – дейді қатысушы. Бұл Асланбектің армрестлинг бойынша алған алғашқы медалі екен.

Жалпы көше спорты облысыта жоғары деңгейде дамып келеді. Өз дене бітіміне мән беріп, салауатты өмір салтын ұстанушы жастардың қатары жыл санап көбейгені көңілге қуаныш ұялатады.

Майра СЕИТҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз