Атырау әкімдігінің Telegram каналының қолданушылары 20 мың адамға жетті

whatsapp image 2020 04 23 at 16.16.52 Жаңалықтар

Аtr.kz/26 сәуір, 2020 жыл. Канал қолданушылары күн сайын өзекті сұрақтарын жолдап, тиісті органдардан мәселелеріне шешімін алуда. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылы ашылған Telegram каналына бүгінге дейін облыс тұрғындарынан 15 мыңға жуық сұрақ түскен. 

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі Талдау бөлімінің басшысы Аяжан Қайдардың айтуынша, Telegram каналға аптасына әр сала бойынша өз шешімін күткен 200-ге жуық сұрақ келіп түседі. 

«Telegram каналы — халықтың облыс әкімдігінің өкілдері мен тиісті органдар жетекшілермен тікелей байланыс орнатудың тиімді алаңына айналды. Қолданушылар үшін әсіресе, әлеуметтік мəселелердің жедел шешілуіне арналған таптырмас құрал» — дейді Аяжан Қайдар.

Осылайша, ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын Атырау облысы әкімдігі нақты жүзеге асырып келеді. Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі міндетімен бірге, әлеуметтік желілердегі уақытпен санаспай атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың өтініміне жедел әрі нәтижелі түрде жауап беруге мүмкіндік туып отыр.

Осы ретте, Атырау облысына қарасты барлық аудандар әкімдіктерінің  Telegram желісінен канал ашқандығын атап өткеніміз жөн. Ондағы мақсат — ауыл тұрғындарының өтінімдеріне дер кезінде жауап беру. Әр ауданның каналын шамамен 3-5 мың арасында адам қолданады. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз