АТЫРАУДА АВТОКӨЛІКТЕР АРНАУЛЫ ТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛУДА…

2020 04 05 crop 117 9 513x683 kutsy Жаңалықтар

Атырауда 2 млн теңгеге жуық төленбеген айыппұлдары бар 70 автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Ағымдағы жылдың 1-31 қаңтар күндері аралығында, Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері
“Interceptor” іздеу жүйесі арқылы төленбеген 1 млн 743 мың теңгені құрайтын айыппұлдары бар 70 автокөлікті анықтады.

Олардың 9-ы Армения, 1-уі Қырғызстан, 52-сі Ресей елінен әкелінген автокөліктер.

Мәселен, 24 қаңтар күні сағат 15:20 шамасында Баймұханов көшесі, Вокзал маңы мөлтек ауданында патрульдік полиция қызметкерлерімен “Audi A4” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде аталған автокөлік жүргізушісінің соммасы 119 мың 170 теңгені құрайтын төленбеген сегіз айыппұлы бар екендігі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабынына сәйкес көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз