Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавируспен күресіп жатқан атыраулық дәрігерлердің алғашқы видеосы пайда болды (+ ВИДЕО)

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Видеода науқастарды кезекті рет бақылаудан келіп отырған дәрігер өздерінің провизорлық стационарда қызмет көрсетіп жатқандарын айтқан.

«Бәріміз арнайы костюмде жүрміз. Жанымда медбике бар. Науқастар өздерін жақсы сезінуде. Алып бара жатқан шағым жоқ. Ешкімде дене қызуы көтерілмеді» дейді дәрігер.

Еске сала кетелік, Атыраудағы кіші өнер академиясы жанындағы жатақхана бүгінде инфекция жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулауға арналған провизорлық стационар ретінде уақытша пайдаланылып жатыр.

Бүгінде Атыраудағы инфекциялық стационарда 18 науқас, провизорлық стационарда – 40 адам, карантиндік стационарда – 151 науқас бар. Ал, үй карантиніне 1298 адам жатқызылған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-covid-19-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93andar-turaly-d%d3%99rigerler-ajtyp-berdi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button