Коронавирус пандемиясы 155 -тен астам елге тарап жатыр

08s35 Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Үндеуінде айтты.

«Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда. Індеттің географиялық өрісі үздіксіз кеңейіп, құрбандарының саны да өсіп келеді.

Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс – шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде.

Біз қазір «дүлей дауыл» деп сипаттауға болатын үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз. Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды.

Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын» деді Елбасы Үндеуінде.

Еске сала кетелік, Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Қазіргі таңда вирус Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында тіркеліп отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/elbasy-pandemiya-zher-sharyny%d2%a3-155-ten-astam-eline-taraluda/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз