Елдіктің алтын діңгегі

screenshot 5 1 Қоғам

Ықылым заманнан берекені бірліктен іздейтін қазақ елінде бейбітшілік, келісім мен достықтың нағыз көрінісі қалыптасқан. 130-дан астам ұлт өкілдерінің басын біріктірген Қазақстанның ынтымақты ту еткен елдік тұтастығы да бүгінде әлемге үлгі. Ал, оның жарқын болашағы ұлттық бірегейлікті нығайтумен тікелей байланысты.

Елдегі түрлі этномәдени бірлестіктердің үйлесімді қызметін үйлестіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы өкілдеріне айтулы мерекеге орай «Мінбер» сауалдарын жолдап, пікірін сұраған едік.

1. Ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайтудың мәні неде?

2. Патриоттық рухты жоғарылатудың қандай жолын ұсынасыз?

3. 1 мамыр – айрықша күн, мемлекеттік мереке. Оны атап өтудің форматын өзгертіп, қайта жаңғыртқан дұрыс па?

Нурид ТИКАЕВ, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы:

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БАСТЫ ЖЕТІСТІК

  1. – Елдегі достық пен бірлікті нығайтудың мәні Қазақстанның жетістіктерінің басты кілті деп ойлаймын. Өйткені, ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттардың айырмашылығына, тілі мен салтдәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қараудан басталады. Бейбітшілік пен тұрақтылық – жалпыхалықтық жетістік. Көзі ашық , көкірегі ояу жастар мұны жақсы түсінеді. Сондықтан, бүгінде татулықты сақтап, айрандай ұйып отырған бірегей елдің тыныштығы мен берекесін арттыру маңызды
  2. – Біздің түріміз басқа болғанымен, тілегіміз бір, жанымыз қазақ. Бала бойына дана халқымыздың мәдениетін, әдет – ғұрпын, тарихын кішкентайынан сіңіре білгеніміз жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруда тіл дамыту, көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елі мен жерін қорғаған батырлардың ерлігі, ақындардың өлең-жырлары жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор. Ұлт жандылық – бала бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті дүние. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянады. Кәмелет жасына келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдармен қозғалыстардың әсері арқылы қалыптасады.
  3. – Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері үшін ерекше саналатын Бірлік күнінде концерттік шаралар жыл сайын өткізіледі. Дегенмен, мерекені атап өту форматын жаңартуға мен де келісемін. Бұл күні өзге ұлт өкілдері жергілікті тұрғындармен бірлесіп, қоғамға пайдалы жұмыстар ұйымдастырылса жақсы болар еді. Мәселен, сенбіліктер өткізіп, ағаш отырғызу, қайырымдылық жәрмеңкелері қолға алынса құба-құп. Өзге ұлттар қазақтың спорттық ойындарымен жарысқа түссе, қазақ тілі мен әдебиетін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихы мен қолөнерін жете меңгерген ұлт өкілдерінің арасында мәдени сайыстар өткізілсе деген ойым бар.

Жаан МҰРАДОВА, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

ПАТРИОТИЗМ ТІЛГЕ ҚҰРМЕТТЕН БАСТАЛАДЫ

  1. – Бірлік пен татулықты нығайту – ел болашағына саналы, сауатты тұрғыда қараудың басты құралы. Келешек кемел болуы үшін ең бастысы әр адам бейбітшіліктің мәңгі орнауына ниеттес болып, соған сай әрекет еткені жөн. Біздің елдегі ұлттардың достығына ешқашан сызат түспесе екен деймін.
  2. – Отанға деген патриоттық рухты арттырудың басты жолы мемлекеттік тілге құрметтен басталуы тиіс. Осы бағытта біз жуырда «Uptivity Education» тіл үйрету орталығын іске қостық. Біздің басты мақсатымыз – өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретіп, елдік сезімдерін ояту. Сол арқылы бірнеше шетел азаматының қазақ тіліндегі сауатын ашамыз. Жуырда Ресейден келген дәрігерлер, заңгерлер мен студенттер курсқа тіркелді. Әрбір тіркелуші 2 ай оқып, тілді базалық деңгейде меңгеріп шығады.
  3.  – Айтулы мереке форматын өзгерткен әрине, дұрыс. Өйткені, қазір қоғамға шын пайдалы дүниелерді іске асыратын уақыт жетті. Мен «Кітап оқу, қазақ тілін үйрену» акциясын ұйымдастырар едім. Қазақ тілі, оның мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы кітаптарды тегін таратқым келеді. Сондай-ақ, кітап алмастыру акциясы өте қызықты. Өзге этнос өкілдері өз ұлты, мәдениеті мен құндылықтары туралы жазылған еңбектерді бір-біріне ұсынып, оқып жатса қандай ғанибет!

Адхам КУЛМЕТОВ, «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі:

ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА…

1. – Қазақта «Бірлігі бекем елдің берекесі мол» деген сөз бар. Ынтымақ пен татулық жарасқан жерде қашан да берекелі өмір болады. Бұл жерде еткен еңбектің де жемісті болары анық. Өзге елдердегі қақтығыстарды көргенде жан түршігеді. Жылдар бойы қалыптасқан алпауыт мемлекеттердің тыныштығы бір сәтте бұзылып жатыр. Талай бала жетім, әйелдер жесір қалуда. Осының барлығы бүгінде достықты, бірлікті нығайтудың маңыздылығын айшықтап тұр.

2. – Патриоттық рухты қалыптастыру отбасынан басталады. Шағын елде тәрбиенің іргетасы мықты қаланса, әр адам өз елінің шын жанашыры болады. Бүгінде ата-аналар

ең алдымен бар жақсыны өздерінен бастауы керек. Бала үшін ең бірінші ұстаз – өз атаанасы. Бала ата-анаға қарап бой түзейді, сөз түзейді. 3. – Қазақ – қонақжай халық. Оның қандай дәстүрі де дастарханнан бастау алары сөзсіз. Бірлік күнінде өзге ұлттар қиын-қыстау заманда бір үзім нанын бөліп берген қазақты ерекше құрметтеп, төріне шығарып, барлық ұлттың тағамдарынан дәм татқызған дұрыс. Дәл осы күні «Біз біргеміз!» акциясымен м ұ қ т а ж ж а н д а р ғ а қ о л д а у к ө р с е т і п , қайырымдылық акциясын ұйымдастырса да артық емес.

Вера ШИН, «Тхониль-Атырау» корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары:

КӨП ҰЛТТЫ ОТБАСЫММЕН МАҚТАНАМЫН

  1. – Менің отбасым көп ұлтты. Әкем – кәріс, анам – орыс, жұбайым – қазақ. Бізде үш ұлттың да салт-дәстүрі мен отбасылық құндылықтары сақталған. Бірақ бәріміздің Отанымыз бір болған соң, бізді әрине мемлекеттік тіл біріктіреді. Қазақ тілінде емін-еркін сөйлеміз. Әкем де, анам да киелі топырақта туыпөскендіктен қазақтың ұлттық құндылықтарын бойына сәби кезден сіңіріп өскен. Бұл ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірліктің жемісі деп ойлаймын. Келешекте де осы егіз ұғымның мәні жойылмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы керек.
  2. – Патриоттық рухты жоғарылату үшін ел аумағында тұратын қай ұлттың өкіліболсаңыз да, қазақ тілін білуге міндеттісіз. Өйткені, қазақ тілінің құдіреті шексіз. Оған деген қызығушылықты арттырып, көбірек фильмдер көріп, кітаптар көп оқыған жөн. Тіл үйренуге арналған қолжетімді курстар мен бағдарламалар да көбірек іске қосылуы керек.
  3. – Бүгінде озық ойлы, креативті жастар аз емес. Ұлттар арасындағы бірлік пен достықтыдәріптеуде олардың тың идеяларына жүгінуг е болады. Мәселен, түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық құндылықтарын насихаттап , кең ауқымда челлендж ұйымдастырылса деймін.

Пікірлерді жазып алған Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз