Көпшілік көптен күткен қоғамдық орындар ашыла ма?
Аtr.kz/30 мамыр, 2020 жыл. Көпшіліктің көптен күтіп жүрген кейбір кәсіпкерлік нысандары ашылады.
Бұлар – кинотеатр, фуб-корт пен балалар ойын алаңдарын айтпағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері. Сол секілді, сауна мен моншаларда (қоғамдық моншалардан бөлек) кабинаға 5 адамнан артық кіруге болмайды.
Мектепке дейінгі, 5 қосымша білім беру ұйымы (топ 15 адамнан аспауы тиіс), ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар, көрерменсіз мәдени нысандар, туризм мен тұрғындарға мекен-жай қызметін көрсетуші ұйымдар (қонақ үйлер, отель, хостел), қоғамдық тамақтану нысандары (2 метр арақашықтықпен – 50 орындық зал) ашылады. Тек ұжымдық шаралар өткізуге болмайды.
Бұл қатарда аталған талаптарды сақтаған жағдайда діни нысандар, әуежай, теміржол бекеті, автобекет, автобус пен такси, базарлар мен азық-түлік емес дүкендерінің қызметі де жанданады.
Еске сала кетейік, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.
«Atr-Ақпарат»