КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕР ІНДЕТ

Жаңалықтар

«Жылыоймұнайгаз» мұнай және газ өндірісі басқармасы ұжымымен кездесті. – Біздің кездесуіміздің басты мақсаты – мәслихат депутаттарымен бірлесіп, халықтың көкейіндегі сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелерді сараламақпыз. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «нөлдік» төзімділік жағдайын қалыптастыру арқылы қоғамның барлық топтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет пен мінез-құлық қалыптастыру, – деді С.Қуанышев. Ол сыбайлас жемқорлықтың кесірінен орын алып жатқан білім мен денсаулық саласындағы олқылықтар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалмай қалуы сынды мәселелерді мысалға келтірді. Бүгінде дипломы бар, білімі жоқ жастардың көбейгенін, ауылдағы ағайынға ауыз су жеткізуге бағытталған «Ақбұлақ» бағдарламасының тұралап қалуы сияқты мәселелерге тоқталды. Осының барлығы жемқорлықтың салдары екенін түсіндірді. Бұрын партия жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі мемлекеттік қызметкерлерді ғана қадағалап келген болса, ендігі жерде партия корпоративтік сыбайлас жемқорлықпен күреспек. Яғни, ірі бизнестерді де партиялық бақылауға алмақ. Мұнайшылар жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жаңа жоба туралы өз ой-пікірлерін ашық айтып, күнделікті өмірде кездесетін кедергілермен күресу жолында өз ұсыныстарын да білдірді.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ,
Жылыой ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған