Атырауда сауна отқа оранды

200822001145690e Жаңалықтар

Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Лесхоз ықшамауданында орналасқан саунада шыққан.

  • «Департаменттің диспетчерлік пультіне күнгізгі сағат 10:00-де саунаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 11 қызметкері жұмылдырылды. Оған 3 арнайы техника тартылды. Жалын жалпы ауданы 9 шаршы метр болатын бу бөлмесінде басталған. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын жапсарлас тұрған жалпы ауданы 1 400 шаршы метрлік техникалық қызмет көрсету бекетін шарпыған жоқ», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз