Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көп балалы отбасыларды баспанамен қамтудың жаңа жолы

Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, оның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды.

«Бұл мақсатқа жыл сайын 50 млрд. теңге бөлінетін болады. Қазіргі таңда Атырау делегаты ретінде өзім де қатысып отырған съездің басты жаңалығы меніңше осында.

maxresdefault 2

   

         Съезде негізінен партияның 2030 жылға дейінгі жаңа Бағдарламасы талқылануда. Қазақстанның жаңа әлеуметтік бағыттарын қалыптастыруды көздейтін жобалар тұтас әлеуметтің әлеуетін арттырады.

Шыны керек, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау шаралары Атырауда кеңінен қолға алынуда. Мәселен, қазіргі таңда көп балалы, аз қамтылған, жалғызбасты аналар «Азаматтық орталық» мекемесінің бастамасымен кәсіпке оқи бастады. Қазірдің өзінде 115 ана тегін кәсіп оқуға өтініш берген. Визаж, массаж, аспаз, тігіншілік сынды негізінен қызмет көрсету секторындағы мамандықтарға маңыз беріліп отырған бұл оқу курстары кейін аналарға кәсібін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда «Азаматтық орталық» кішігірім гранттарды да ұсынып отыр.

Бұдан бөлек, Атырауда көп балалы отбасылардың балалары үшін арнайы орталық ашылғалы отыр. Орталықта балалар таңнан кешке дейін тәрбиешілердің қарауында болады. Ал, аналар бұл мезгілде жұмыс істеп немесе кәсібін ашуға мүмкіндік алады» дейді  Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыкалық колледжінің директоры Гүлнар Сәдуақасова.

44 3f8094184e5091972fed31d6f08a334d

         Еске  сала кетейік, Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button