Баннер 9 мая от газеты Атырау

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР: ЖЕҢІЛДІКТЕР. ҚҰҚЫҚТАР

g2peqllimMot Жаңалықтар

Atr.kz/26-ақпан, 2019 жыл. Демографияны жақсарту межесін ұстанған елімізде 2008 жылы 356,6 мың, 2018 жылы 391 мың бала дүниеге келіп, соңғы он жылда бала туу көрсеткіші он пайызға өскен.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларының иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

g2peqllimMot
Фото – diapazon.kz

Жәрдемақы өмір бойы беріледі, яғни зейнетақыға шыққаннан кейін де тоқтамайды.

Жәрдемақы оның табысына қарамай тағайындалады. Қазір ол 16 160 теңге (6,4 АЕК) және жыл сайын инфляция деңгейіне индекстеледі. Бұл жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланбайды.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған көп балалы аналар көлік және жер салықтарынан босатылады.

Тұрғылықты жерін тіркеу кезінде нотариалдық әрі заңнамалық маңызды іс-қимылдарды жасау кезінде, төлқұжат пен жеке куәлікті алу шараларында мемлекеттік баж төлемейді.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған көп балалы жанұяларға берілетін жәрдемақы – 10504 теңге. (Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті бюджеттен төленетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік төлем түріне қосылды).

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Балалы отбасыларды «БАСТАУ  БИЗНЕС» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту. Шағын несиелеу бойынша:

• Мерзімі – 5 жылға дейін;

• Мал шаруашылығы саласындағы жобалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін несие беру мерзімі – 7 жыл;

• Несиенің ең жоғары сомасы – 8000 айлық есептік көрсеткішке дейін;

• Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6% аспайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз