2

Атырауда Covid-19 жұқтырғандар 123-ке жетті

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Коронавирус инфекциясының тағы  екі  жағдайы Теңіз кенішінің жұмысшыларыннан  анықталды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі Жедел штабы.

Дертке шалдыққандар 1977 және  1979 жылғы  екі ер адам. Жұмысшылар бұған дейін  коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны үшін  карантиндік стационарда жатқан. Қазіргі уақытта олармен  байланысушылар тізімі жасалып,  оқшауланды. Инфекция ошағына да дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.  

Осылайша, Атырау облысында ауруды жұқтырғандардың саны 123 адамға жетті.  Ал, 47 адам дерттен сауығып шықты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған