Индерборда заманауи спорт алаңы қолданысқа берілді

fb img 1622526639890 Жаңалықтар

«Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз-хатшысы Ержан Төлек «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды» деп хабарлайды Atr.kz

«Индербор кентінде Ш.Уәлиханов мектебінің ауласынан бой көтерген жаңа спорт алаңының ашылу салтанаты өтті.

Пайдалануға берілген спорт алаңы алдағы уақытта аудан жастарының спортпен шұғылдануына, жазғы маусымда мектеп оқушыларының уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Осы орайда, мектеп әкімшілігімен арнайы кесте бекітіліп, түрлі спорт секциялары ашылды.

Аумағы 0,377 га құрайтын ашық алаңдағы жаңа кешенде футбол, баскетбол, волейбол, алғашқы әскери дайындық және Street Workout алаңшасы орналасқан. Ойын алаңдары жасанды көгалмен, жаттығу орындары арнайы жабынмен қапталған. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жарық шамдары орнатылды» делінген постта.

Индер ауданы әкімінің орынбасары А.Мусағалиевтің айтуынша, мұндай спорт алаңдарын С.Сейфуллин, М.Әуезов,«Көктем» қазақ орта мектептерінің аулаларына салу жоспарлануда. Қазіргі таңда жобаның сметалық құжаттамасы толықтай дайын, қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

fb img 1622526631015
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз