Жаңалықтар
Көліктерге көпірден өтуге шектеу қойылды
Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы көпірге биіктікті шектеу белгісі орнатылды.
Аталған аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Шипажай» – «ПМК» шағынаудандарын жалғайтын Шарон өзенінің үстінде орналасқан көпірден бүгінге дейін жүк көліктері де жүріп келген.
–Көпірдің ауыр салмаққа арналмағанын ескере отырып, апаттық жағдайдың алдын алу және үстінен өтетін тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында биіктікті шектеу белгісі орнатылып отыр. Ендігі уақытта биіктігі 3 метрден асатын көліктердің көпірден өтуіне тыйым салынады, — дейді аудан әкімдігінің ресми өкілдері.
Ұлболсын МАРСҚЫЗЫ