Елбасы ұйғарымы – орынды шешім

Жақында мен облыстық әкімдіктің мәжіліс залында ҚР Ұлттық экономика министрлігінен келген жауапты өкілдердің  Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға  байланысты алқалы жиынға қатысып, өзіме осы уақытқа дейін түсінбей жүрген сауалдарымның жауабын алғандай болдым.

Мен Махамбет ауданының аумағынан шаруа қожалығын ұйымдастырып, онда төрт түлік мал бағып, өнімдерін өндіріп, аудан тұрғындарына сатып келе жатқаныма он бес жылдан асты. Осы мақсатқа 2000 гектардай жерді 49 жылға жалға алдым.  500 гектар жер – жеке меншігімде. Болашақта  Жер кодексінің  талабы бойынша менің жалға алған жер учаскемді сатып алуға мол мүмкіндіктер – айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылып отырғаны айрықша қуантып тастады.

Жалпы, қазіргі кезде облыс аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,4 млн. гектардай жер ауқымының 2,1 млн. гектары жайылым екендігін ескерсек, шаруа қожалықтарының жетекшілері осыншама алқапты тиімді, әрі мақсатты пайдаланғанда ғана атақонысымыз адамзатқа талай жылдарға қызмет етіп, өз несібесін молынан берері сөзсіз. Сондықтан да, өз басым Президенттің Жер кодексін күшіне енгізу мерзіміне мораторий жариялауы осы мәселені егжей-тегжейлі талқылап алу қажеттігі тұрғысынан алғанда өте орынды деп ойлаймын.

Жеңісбай  ДОСҚАЙЫРОВ,

«Досқайыров» шаруа қожалығының жетекшісі,

Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз