Жарнама
Жаңалықтар

Машығы кәсібіне айналған

Ұлттық нақышта безендіріліп, халықтық үлгіде тоқылған тақиядан бастап, әйелдерге арналған телпек, кеудеше, шұлық, балалар киімдері, түрлі ойыншықтар, кәдесый секілді көздің жауын алар бұйымдар…
Осының бәрі Индер ауданының Ынтымақ ауылында тұратын қолөнер шебері Венера Ержанованың қолынан шыққан заттар.

Бүгінде ол осы өнерін кәсіпке айналдырып, онысынан нәсібін тауып отырған шағын бизнес иесі. Әсіресе, түрлі жастағы адамдарға ыңғайлы етіп жасалған аяқ киімдер тұтынушылардың жоғары сұранысына ие. Бала күнінен қолөнерге машықтанған Венера мектепте оқып жүрген кезінде-ақ шұлық, кеудеше тоқуды үйреніп алады. Кейіннен онысын кәсібіне айналдырып, осы шаруамен тұрақты шұғылданып келеді.
— Бір ерекшелігі, ауыл ісмерінің қолынан шыққан бұйымдардың сапасы жағынан фабрикада тоқылғандардан еш кемі жоқ. «Шебердің қолы ортақ» деген осы болса керек, — дейді ол туралы ауылдастары мақтанышпен.
Дәулетқали АРУЕВ,
Индер ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button