ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙ – ел тәуелсіздігінің жемісі

Астана күні қарсаңында ашылған Қазақстанның Ұлттық мұражайы – егеменді еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы үлкен жетістігінің бірі. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен кезекті брифингте кеңінен айтылды.

«Қазақ Елі» монументі мен Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ұлттық өнер университеті мен «Әзірет Сұлтан» мешіті Тәуелсіздік алаңының біртұтас композициясына етене еніп, тамаша үйлесім тапқан» деп атап өтті ұлттық мұражай директоры Дархан Мыңбай.
Оның айтуынша, мұражай «Астана», «Тәуелсіз Қазақстан», «Алтын», «Ежелгі және орта ғасыр тарихы», «Этнография», «Тарих» және «Заманауи өнер» деп аталатын сегіз залдан тұрады. Бұл экспозиция залдарынан басқа, уақытша көрме өткізетін, «Ұлттық жетістіктер» ғылыми-зерттеу орталығын орналастыруға, қайта өңдеу шеберханаларын, зертханаларды, қор қоймаларын, оқу залы мен кітапханаларды, синхронды аудармамен жарақталған конференц-залға, сый-кәделер дүңгіршегін, дәмханалар орналастыруға арналған орындар қарастырылған.
Мұражайға келушілер үш тілді мультимедиялық гид арқылы барлық залдарымен танысып, экскурсия маршрутын өз қалауына қарай құруға жағдай жасайды. Ал, мемлекеттің қазіргі заманғы тарихы экспозициясындағы иілген үлкен экран арқылы жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын кең-байтақ қазақ даласының қайталанбас табиғатын тамашалауға болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз