Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап 7 млн-ға жуық баланың шотына ақша түседі

«Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарлама аясында 7 миллионға жуық балаға шот ашылады. Ал ақпан айында бұл шоттарға ақша түседі. 

Ұлттық қордың инвестициялық табысының тең жартысы балаларға теңдей бөлінеді. Кеше Президент тиісті заңға қол қойды.

Жаңа жобаның механизмі қандай? 

Президент былтырғы Жолдауында Ұлттық қор табысының жартысын балаларға беруді тапсырды. Келер жылдан бастап «Ұлттық қордан – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Сөйтіп, алдағы ақпан айында елдегі барлық баланың шотына ақша түседі. Шот қаңтар айында ашылады. Ол үшін ата-ана мекеме жағалап, құжат толтырмайды. 

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, 18 жасқа дейінгі балаларға, бәріне зейнетақы қорында есепшот ашылады. Оған ешқандай құжат тапсыруға керегі жоқ. Зейнетақы қоры ол ақпаратты бүкіл мемлекеттік деректер базасынан алып алады да, есепшотты автоматты ашып береді. Ол ақша бір жылда бір рет түседі. Жыл сайын түсетін қаражат Ұлттық қордың табысына байланысты. 

Мәселен, биыл дүниеге келген сәбидің шотында 18 жыл ішінде 3600 АҚШ доллары жинақталады деген болжам бар. Әрине, қордың табысы өсіп жатса, шотқа түсетін сома да ұлғая түседі. Ата-ана түсіп жатқан ақшаны зейнетақы қоры порталындағы кабинетінен көре алады.

“Бұл шоттағы қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға уәкілетті операторлар арқылы пайдалануға болады. Олар – «Қазпошта» және екінші деңгейлі банктер. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушылардың уәкілетті операторда ашылған банктік шотына нысаналы жинақтар төлемін АҚШ долларымен жүзеге асыратын болады. Уәкілетті оператордан төлемдер алу сол сәттегі валюта бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырылады. 18 жасқа толған азамат үйді тек Қазақстан аумағынан сатып алуға тиіс. Ал білім алам десе, отандық жоғары оқу орындарымен қатар шетелдік университеттерде де оқи алады»,- дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов.

24.kz

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button