20181208223835

Балықтардың неден қырылғаны белгілі болды (+ВИДЕО)

ATR.TV Жаңалықтар Экология Қоғам
Өткен жылы желтоқсан айында Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуы тіркелген еді. Куәгерлер ірі балықтардың, әсіресе ақмарқаның су бетіне қалқып шығып жатқаны туралы жазды. Сосын мұндай көрініс қала шетіндегі Жұмыскерде, Бугоркада да орын алғаны туралы видеолар жарияланды. Облыстық әкімдік жағдайды растады. Ведомстоваралық комиссия құрылды. Су сынамасы алынды. Нәтижесінде…

Орын алған жағдайдың нақты себебі анықталды. «Зертханалық тексерулердің нәтижесі бойынша, өзен балықтарының жаппай қырылуына аммиактың улы құрамының көп болуы себеп болған. Атырау облысы экология департаментінің зерттеу қорытындысы Жайық өзені суында хлоридтің шекті рұқсат етілген концентрациясы жоғары екендігін анықтады», – деді еліміздің Ауылшаруашылық министрлігі балық ресурстары және аква дақылдарды дамыту басқармасының басшысы Қыдырбек Исқалиев.

20181208223835

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған