Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Келешекті сақтау – бүгіннен

ЕҢ АЛДЫМЕН, ЕЛІМІЗДЕ ОРЫН АЛҒАН ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАР КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ ТУҒАН-ТУЫСТАРЫ МЕН ОТБАСЫЛАРЫНА ҚАЙҒЫЛАРЫНА ОРТАҚТАСЫП, КӨҢІЛ АЙТАМЫН. ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВТЫҢ МӘЛІМЕТІНЕ СӘЙКЕС, ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗА ТАУЫП, ТӘРТІПСІЗДІКТЕР КЕЗІНДЕ 1300-ДЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН, ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘСКЕРИЛЕРІ, СОНДАЙ-АҚ АРНАЙЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАРАЛАНҒАН. ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ, ЛАҢКЕСТЕРДІҢ ОҚ АТУЫНАН БЕЙБІТ ТҰРҒЫНДАР ДА ЗАРДАП ШЕКТІ. АЛ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІНДЕ БҰЛ ЕЛІМІЗДІҢ БАРША ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ, ЖАЗЫЛМАС ДЕРТ ЕКЕНІН АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ.

Ел азаматы және «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде Атырау тұрғындарын бірлік пен келісімге шақырғым келеді. Елімізде болып жатқан оқиғалардан сабақ ала отырып, бірлігі бекем ел болу, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдау аса маңызды. Мемлекет басшысы бейбіт шеру кезінде-ақ халықтың барлық талаптары мен өтініштері тыңдалып, олардың орындалатынын ұғындырды. Соның айқын дәлеліндей, сұйытылған газ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын уақытша реттеу енгізіліп, халық үшін коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий енгізу туралы тапсырма берді. Өзім 4 қаңтар күні Индер ауданында болып, жергілікті белсенділермен сөйлестім. Енді деструктивті ағымдардың арандатушылық әрекеттерінің жетегінде кетпей, жағдайды тұрақтандыру қажет. Тұрғындар кез келген уақытта депутаттарға, партия мүшелеріне хабарласып, өз ұсыныстарын, өзекті мәселелерін айта алады.

Бүгінгі таңда билік партиясы мүшелерінің, барлық деңгейдегі депутаттардың басты міндеті – мемлекеттік биліктің төңірегіне топтасып, атқарушы органдармен бірлесе отырып, ел Президентінің барлық бастамалары мен ұсыныстарын шұғыл түрде жүзеге асыру. Өз тарапымнан атыраулықтарға жағдайды түсінгені үшін, тұрғындарымыздың ұстамдылық танытып, бейбіт митингілердің қантөгіске айналуына жол бермегені үшін алғыс айтқым келеді. Біздің күшіміз – бірлікте! Балаларымыз бен келешек ұрпағымыз үшін еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтайық.

Мейірім ҚАЛАУИ,

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Related Articles

One Comment

  1. М. Қалауи мырза, көп балалы аналарға бөлінетін жәрдемақыны бір баласы бар аналардан бастап берілсе. Қазіргі қымбатшылық белең алып тұрған шақта ата-анасының екеуі де жұмыссыз отырған отбасылар бар. Осы ұсынысымды ескерусіз қалдырмассыз деген үміттеміз. Ата-аналар атынан — Балауса.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button