Атыраудағы түнгі рейс автобусы таңғы 5-ке дейін қызмет көрсетеді

snimok 111 Жаңалықтар

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл. Атырау қаласының көлік жүйесіндегі жаңалық – №14 «Теміржол вокзалы – Авангард – Әуежай» бағытында жүретін түнгі рейстің шығуы.

Біз осы автобустың жұмыс барысымен жолға шықтық. Біз отырған көліктің жүргізушісі Қайыржан Оңғаралиев «Ақжайық Автопарк» мекемесіне тиесілі жаңа бағыттың ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Жұмыс уақыты 21.00-де басталады. Әзірге 6 автобус қ ы з м е т к ө р с е т е д і . Бұл қарапайым халыққа т и і м д і . Ө й т к е н і , т ү н г і уақытта таксидің бағасы аспандап кетеді. Ал, түнгі кезекшілікте жұмыс істейтін немесе қыдырыстап жүрген адамдарға бұл рейс өте қолайлы» деп түсіндірді Қайыржан Оңғаралиев.

Иә, жүргізуші сөзінің де жаны бар. Кеш түскен соң такси жүргізушілері жолақыға 1000-2000 теңге аралығында  сұрайды. Ал, №14 «Теміржол вокзалы-Авангард-Әуежай» бағытында жүретін түнгі автобусты тұрғындар күндізгі тарифпен пайдаланады. Жолаушылар қыркүйек айынан бері жолақыны электронды төлем карталары арқылы төлеуге

көшті. Мәселен, халықтың осал топтары (зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар) мен мектеп оқушылары белгіленген жеңілдікті пайдаланады. Жалпы, жолақы картасыз 150 теңге болса, ал электронды төлеммен 80 теңге төлейсіз.

Жүргізушіге «Түнде көлік жүргізген қауіпті емес пе?» деген сауалымызды қойдық. «Қауіпті емес. Әзірге оқыс оқиға бола қойған жоқ. Дегенмен, кез келген жағдайда автопарктің қауіпсіздік қызметінің телефонына да был жібереміз.

Сондықтан, мен үнемі жанымда қорғаныш бар деп сенімді отырамын» дейді көлік жүргізушісі. Түнгі рейсте кондуктор жоқ. «Смарт Атырау» КМК директоры Әділбек Таңкиевтің айтуынша, кондуктор алған тиімсіз. Себебі, түнгі мезгілдегі автобусқа 100-ге жетпейтін жолаушы мінеді. «Қазір халықтың дені электрондық картаны тиімді пайдалануда. Енді бірен-саран картасыз жүрген жолаушыға билетті жүргізушінің өзі береді. Ө й т к е н і , т ү с е т і н к е з д е автобустың тек алдыңғы есігін ашады» деп түсіндірді Әділбек Қадырғалиұлы. Бұл әзірге қанатқақты жоба болғандықтан, қаладағы жолаушылар жиі жүретін бағытта жүзеге асырылып жатыр. Түнгі рейстің қозғалыс сызбасына көз салсақ, жұмыс күндері таңғы 3.00-ге дейін жүрсе, ал сенбі-жексенбіде таңғы 05.00-ге дейін жолаушылар тасымалдайды. Бұл кесте мереке күндері де өзгермейді. Сала мамандары бұл жоба нәтижелі болса, түнгі маршруттың санын көбейтуді көздеп отыр.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз