Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Қазақстан Елбасы бастаған дамудың стратегиялық бағдарламаларын жалғастырады

Аtr.kz/23 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан өзінің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған дамудың барлық стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырады.

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі қарсаңында ТАСС агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген Елбасының баспасөз — хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

 «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында жақында өткен кеңесте және Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің алдағы уақытта дамудың стратегиялық бағдарламасын жалғастыратынын атап өтті. Сонымен бірге, партия съезінде ұсынылған әлеуметтік бастамаларға ерекше назар аударылып отыр. Қауіпсіздік кеңесінің әрі «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін азаматтардың әл-ауқатын арттыру және Қазақстанның өркендеуі — жұмысының басты бағыттары болып қала береді», — деген Айдос Үкібай Елбасының алдағы барлық қадамдары осы айқындалған міндеттерді орындауға бағытталатынын атап өтті.

 Елдегі билік сабақтастығына қатысты сұраққа жауап берген баспасөз хатшы Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев — «өмірлік мол тәжірибеге және мемлекеттік басқаруда негізгі дағдыларға ие адам» екенін атап өтті.

20190423093832
Айдос Үкібай,
Елбасының баспасөз — хатшысы

«Өзінің елге қызмет еткен жылдарында Қасым-Жомарт Кемелұлы сеніп тапсырылған барлық учаскеде нәтижелілікті көрсете отырып, өзін білікті менеджер ретінде таныта білді. Кейбір сарапшылар айтып жүргендей, Тоқаев Президент лауазымына тағайындалған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Конституция нормаларына сәйкес, өкілеттікті алды. Енді қазір жұмысқа кіріскен Президент Елбасы бастаған ел дамуының стратегиялық міндеттерін орындауға кірісіп кетті», — деді Айдос Үкібай.

2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағаны белгілі. «Елбасы өзінің көрегендігімен және даналығымен билікті басқарушылардың жаңа буынына бейбіт түрде тапсыру жағдайын жасады. Әлемдік қауымдастықтар мен біздің елдің азаматтары Елбасының бұл шешіміне терең түсіністікпен және үлкен құрметпен қарап отыр», — деп атап өтті Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы.

Ол өз сөзінде әлемдегі көптеген саясаткерлер Қазақстанның табыстылығын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырып отырғанын айтып өтті. Ресей Президенті Владимир Путин мен Германия Канцлері Ангела Меркель телефон арқылы сөйлескен кезінде қазақстандық көшбасшының шешіміне байланысты өкініштерін білдіретінін жеткізген. Бұл ретте, Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Ұлт көшбасшысы болып қала береді. Оның мәртебесі мен құқықтары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» тиісті заңның нормаларымен реттелген.

«Елбасыға тарихи миссияға сай мемлекеттік құрылым мәселелесі бойынша бастамалармен ел халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға шығу құқығы өмір бойына беріліп отыр. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Парламентте және Үкімет отырысында сөз сөйлей алады. Бұдан бөлек,  мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты негізгі бағыттар бойынша бастамалар Қазақстанның Тұңғыш Президентімен келісілуі тиістігіне ерекше назар аудару керек», — дейді А.Үкібай.

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button