«Жерді тиімді пайдалану үшін, су қорын көбейту керек» дейді атыраулық сарапшы

bez nazvaniya 2 Жаңалықтар

Atr. kz / 15 – ақпан. Бүгін Парламент Мәжілісінде жер ресурстарын тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды.

Осы жиында жер реформасы бойынша комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан бірыңғай аграрлық салық енгізуді ұсынғаны белгілі. Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбек Таубаев бұл ұсынысты «өте дұрыс мәселе» деп бағалады.

bez nazvaniya 2

«Өйткені, ауылшаруашылығына жарамды жер көлемі елімізде аса көп емес. Демек, бұл жағдайда мемлекет жердің әр шаршы метрін тиімді пайдалануға мүдделі болуы керек. Бұл ретте бірыңғай аграрлық салық енгізілетін болса, жер иеленушілері шынайы жұмыс істеуге кіріседі. Игере алмағандары жерді мемлекеттің меншігіне қайтарады. Осылайша, белгілі бір баланс сақталады. Екінші мәселе – ақ Жайықтың жағдайы. Қазіргі таңда Атырауда суармалы бағыттағы 8000 га жер бар. Бұл жерлер негізінен Жайық пен Қиғаштың бойында орналасқан. Жайылымдық даланы есептемегенде, агросектор бағытындағы пайдалы жер көлемі бізде ана бір айтарлықтай үлкен емес. Демек, ақ Жайықтың су қорын ұлғайтуға назар аударуымыз керек. Жайық үшін жасанды су қоймасын жасақтайтын кез келді. Жерді ұқсату үшін, су керек. Су тапшы болса, мәселені жасанды жолмен шешу қажет. Жер ресурстарын тиімді пайдалану деген уақытта, мәселенің осы жағына да назар аударсақ екен» деп нақтылады сөзін сарапшы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз