ZHoldau e1517308842286

Қазақстан астанасының жаңа атауын 3 мыңға жуық атыраулық қолдады

Жаңалықтар Саясат Қоғам

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. 3 мыңға жуық атыраулық Қазақстан астанасының жаңа атауына қызу қолдау білдірді.

«Елордамыз – Нұр-Сұлтан» мерекелік концерті «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырауда елордамыз Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыруды қолдау мақсатында мерекелік шаралар тізбегі жалғасуда.

Осыған орай, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау қаласы тұрғындары мен қонақтарына арналған әртүрлі жанрдағы әндердің мерекелік кеші ұйымдастырылды. Концертті астана атауының өзгеруін қолдаған үш мыңға жуық көрермен тамашалады. Қатысушылардың бірқатары Тұңғыш Президент – Елбасының мемлекет құрудағы рөлі туралы баяндады.

– Тұрғындар бұл тарихи оқиғаны жақсы бағалады. Елбасының құрметіне Астана атын ауыстыру – саяси түрде әділ шешім. Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында Ұлы дала елі әлемдегі табысты дамушы елдер қатарына кірді. Оның саясат, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктері халықтың болашағына арналған, – деді «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев.

Елорданы қайта атау идеясы облыстың жастар ұйымдары тарапынан да қолдау тапты, олар Елбасаның қазақ халқына, оның ішінде жас отандастарға деген еңбегін мойындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған