2018113010405176108 a36aaad2 465b 4b9e 81d4 59e4ea27a2f9

Атырауда ақша бопсалаумен айналысып келген деструктивті ағым өкілдері ұсталды (+ВИДЕО)

ATR.TV Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл.  Атырауда  деструктивті діни ағым өкілдері қатарынан құрылған қылмыстық топ ұсталды.

Облыс аумағында полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, төтенше жағдай кезіндегі  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізген шара кезінде қылмыстық топты қолға түсірді.

Деструктивті діни ағымның ұстанушыларынан құрылған қылмыстық  топ мүшелері қала аумағында азаматтардан қорқытып ақша талап етумен айналысқан.

Қазір сотқа дейінгі тергеп- тексеру ҚР ҚК 194 бабының 3 бөлігі «Қорқытып алушылық, яғни күш  қолдану» бойынша жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған