Карантиндегі АСАБА қалай күнелтіп жатыр?
«Тойдың арқасында құтырып жүр еді. Сауап болды…», «Енді той жоқ, не істер екен?» деген мысқыл ойлар карантин басталғалы әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Даңғарадай сарайлардағы күн құрғатпай тіп жатқан даңғазалар тоқтағаннан-ақ асабалар жөніндегі бұқараның пікірі екіге жарылды. Ал, бұған дейін «екі кеменің басын ұстап» жүрген асабалар тұрақты қызметімен жан бақса, тұтас отбасын тойдан түскен табысымен асырап отырғандары қолынан келетін тірлікке әлдеқашан кірісіп кетіпті.
Салық төлеген асаба
Ресми мəліметке сүйенсек, Атырау облысында шамамен 250-ден астам асаба той жүргізіп, қазақтың қуанышынан нəпақасын тауып жүр. Оның бестен біріне жуығы ғана «салық төлеуші» ретінде тіркеліп, мемлекетке тиісті салығын төлеп отыр екен. Карантинге дейін де кəсіп істеп, асабалықты негізгі бизнесіне қосымша табыстың көзі деп білетіндері тағы бар.«Тойламасаң басқа тойды той-лама, екі жастың бақыт тойы той-лансын» деп той-қуанышқа ерекше мəн берген атам қазақтың тойдан тартынып қалғаны некен-саяқ.
«Аттыға еріп, жаяудың таңы ай-ырылыпты» демекші, соңғы жыл-дары артық ысырапшылдыққа ұрынып, əлі жетпеген соң несие алып, əлекке қалып жатқандардың да қарасы көбейді. Мұндай əсіреқызыл бəсекелестіктің ақыры той өткізетін мейрамхана-дан бастап, жүргізетін асабаның құнын əп-сəтте-ақ көтеріп жіберді. Ал, сұраныс бар жерде бағаның шарықтайтыны сауданың бағзыдан бұлжымас қағидасы емес пе?
Жə, көптің көкейіндегі сұраққа оралайық. Сараптама барысында бірнеше асабаның түрлі кəсіппен айналысып жүргенін білдік. Біреулері қазір сұранысқа ие жүк көтеретін, кəріз құдығын тазалай-тын арнайы техникаларды жалға берумен айналысып жүр екен. Тіпті, кейбір экс-асабалар донер, чикен тəрізді шапшаң тағам дай-ындайтын тамақтану нүктелерін ашып алыпты.
«Тойдың дәурені өтті»
Той саласында да, əлеуметтік желіде де «Қуандық шоумен» болып танылған Қуандық Досболат – өмірлік жарын да той-да кездестірген жан. Бүгінге дейін жұбайы екеуі нанын тойдан тапқан көп балалы əке көптен ойда жүрген кəсібін бастауға енді ғана бел буыпты.
– Халықтың, əсіресе жастар арасында сұранысқа ие дүние болғандықтан, «ASABA» деп ата-латын фаст-фуд ашып жатырмын. Тамақ сату не жеткізу қызметі жыл мезгіліне қарамай-ақ, тіпті каран-тинде де жұмыс жасайтындықтан осы кəсіпті таңдадым. Бұл – бизнесімнің алғашқы баспалдағы. Басқа саладан да кəсіп ашу жо-спарымда бар, — деді ол ағынан жарылып.
Айтуына қарағанда, Қуандық бұл істі жолға қою үшін 2 мил-лион теңгеден астам қаржы құйыпты. Халық арасындағы танымалдығының да кəсібін жүргізуге септігі тиетініне өзі кəміл сенімді.Пандемияға дейін əр тойды 300-400 мың теңгеге жүргізген асаба «қазір лажы болса, тойға бармаған дұрыс» деп есептейді.
– Бұрынғыдай аста-төк заманның дəурені өтті. Енді той басқару саласында нағыз талант-тар мен осы саланы берік таңдаған табандылар қалады, — деп ойын түйіндеді бұрынғы асаба.
Бизнестен – асабалыққа
Келесі кейіпкердің кəсіби бизнестен асабалыққа келгеніне бір жылға жуық уақыт өтіпті. Мақат өңірінің тумасы, асаба Дəурен Есенқұлов 5-6 жылдан бері бейнебақылау қондырғысын орнату қызметімен айналыса-ды. Табысы қомақты болғанына қарамастан, бала күнгі арманы оны асабалыққа əкелген.– Бала кезімнен өнерге жаным жақын. Бір кісідей əншілігім де бар. Карантиннен кейін де той өткізу сиреп, асабалық құнымыз арзандаса да, «асаба бола беремін» деп шештім. Ең бастысы, той-қуанышта қызмет еткен өзіме қатты ұнайды, — деді Дəурен.Асаба жігіт бизнестің де, асабалықтың да өзіне тəн жауапкершілігі мен қиындығы, қызығы мен шыжығы ортақ екенін атап өтті.– Жұмыстың оңайы жоқ қой. Тек ерінбей еңбек еткен ғана ішіп-жейді. Абай атамыздың сөзі де сол емес пе?!
Карантинде қиналған кім?
Біздің байқағанымыз – той өтпегендіктен қиналып жүрген асаба көрмедік. Оқшау жағдай сөз сауып ақша тапқандардың өмір сүруге деген көзқарасына да бетбұрыс əкелген. Əлеуметтік желіде əжептəуір оқырман жинағандары, əуелден жарна-ма жасап қосымша табыс таба-ды. Сонымен қоса, көпшілігі көрпесіне қарай көсіліп, сұранысқа ие салаларда кəсібін бастап кеткен.Бизнес заңдылығында жазылмаған бір қағида бар екен: «Лидер кəсіпкер банкрот болып 1 мың теңгемен қалса да, өз қабілеті мен білімінің арқасында қайтадан кəсібін дөңгелентіп əкете алады». Асабалардың жұмыс барысын зер-делей отырып, осы бір сөз ойыма орала берді
Асабалық та, əншілік те кəсіп. Əркім оны қажыр-қайратының жеткенінше табыс көзіне айналды-рады. Сол салада жетістікке жеткен адам, өзге шыңды да бағындырары анық. Оларды «жұлдыз» көрудің де, сынап-мінеудің де əсте қажеттілігі жоқ-ау!
Карантинде қазына берген 42 500 теңгені тамақ алмастан не-сиеге төлеп, артынша қайтадан карталық несиемен тамақ алып қиналған – кім? Той жүргізіп, табыс тапқан асаба ма, əлде банктен қарыз алып, той жасаған қарапайым халық па? Мұны көзі қарақты, ойы салмақты оқырман өзі бағамдай жатар.
P.S:
Қарапайым қисынға жүгінсек, өзгенің қалтасын санағанша, өз есебімізді тиянақты жүргізіп, қаржылық сауатымызды арттырған абзал. Сонда басымызды қарызға тігіп несие алып, елдегі ақшаны шетелге з қолымызбен жіберіп жатқанымызды түсінер едік!
Салтанат АҚТƏЖИЕВА