«Атырау» – «Жетісу» командалар кездесуінде есеп тең түсті

c273335b 85e5 449b bad0 a33c8b2e8b1b Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан чемпионатының V-турында “Атырау” – “Жетісу” футбол командалары арасындағы кездесу 2-2 есебімен тең нәтижеде аяқталды.

Армениялық Арам Восканян жаттықтыратын мұнайшылар командасының ойыны ширақ көрінгенімен, қонақтар командасы сапынан Бауыржан Тұрысбек ойынның 37-інші минутында есеп ашты. Екі командаға да жеңіс ауадай қажет еді. Тартысты өткен ойында жергілікті команда допты өз ырқында ұстауға тырысқанымен жетісулықтардың жеңіске деген жігері екінші голдың соғылуына сеп болды. Бұл жолы Бауыржан Тұрысбек айып добын мүлтіксіз орындады.

Екінші таймда алаң иелерінің ойыншысы Петар Кунич қарсыластар қақпасына айып добын дәл нысаналап, командаға үміт сыйлады. Ойын соңына қарай қосымша берілген минутта жетісулықтардың жүйкесі сыр берді ме, “Жетісу” ойыншысы Асхат Балтабеков өз қақпасына автогол салып атыраулықтарды кезекті жеңілістен сақтап қалды. Бүгінгі кездесулердің қорытындысы мен турнир кестесіндегі өзгерістер кешке ресми сайттарда кеңірек жарияланатын болады. Жеңіс бізбен болсын!

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз