Атырау облысында Айт намазына 21 мыңнан астам адам жиналды (ФОТО)

9c505a54 6193 4485 be1c ab5708c373a4 Жаңалықтар

Атырауда Құрбан айт мерекесіне орай, Айт намазы таңғы 6.30-да оқылды, деп хабарлайды amin.kz.

Ұлық мереке құрметіне орай, бір ғана «Иманғали» облыстық мешітіне намазға 3000-ға жуық адам жиналды. Облыс бойынша мешіттерге 21 мыңнан астам Айт намазына жығылды.

f8f59b5d be1d 4cf8 a922 e91c363a8bce

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты Құрбан айтпен құттықтады.

«Раббымызға жақындаудағы ең ұнамды амал, бұл күні намаз оқу, шамасы жеткен адамның құрбан шалуы. Қамқорлық, жақсылық, ізгілік сияқты керемет қасиеттерді топтастырып тұрған Құрбан айт мерекесінде үлкен ғибрат жатыр» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

ec4ec109 8fc8 4910 9b1c bc9e44f9422f

Құрбан айт құрметіне мерекелік шаралар сағат 10.00-де басталады.

81c8950d ee1a 471e b9b3 cddd223023e7

Құрбан айт биыл Атырауда ауқымды сипатта атап өтілуде.

40af0863 345e 4398 8f9b 24b72024cd1e

Еске сала кетсек, Атырау қаласы бойынша, мал сатылып, құрбандық шалуға негізгі орындар белгіленді.

«Адал»,

«Асыл агро»,

«Тума базар»,

«Атырау ет орталығы»,

«ИП Қуаныш» нүктелерінде әрі мал сатып алып, әрі құрбан шалуға мүмкіндік бар.

Бұдан бөлек, белгіленген мал сататын орындар: «Көкарна», «Сарықамыс», «Атырау – Доссор» тас жолы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз