КАРАНТИН: Атырауда қарттарға, жалғыз бастыларға көмек көрсету механизмі жасалынды

1 15 Жаңалықтар

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Ол үшін орталықтандырылған операторға өтінім бере аласыз. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев «Фейсбук» желісіндегі парақшасында айтты.

«Атырау облысының бас санитарлық дәрігері жариялаған карантин режимі және оны одан әрі күшейту жұмыстары тұрғындар үшін және бизнес өкілдері үшін үлкен мәселелер тудырды. Алайда, карантин режимі баламасыз.

Маңызды мәселелердің бірі бұл, қарт адамдар мен мүгедек азаматтарға тамақ, дәрі-дәрмек және оларға қосымша қызмет көрсету.

Қалада карантин басталғаннан бері демеушілермен бірлесіп, «BizBirgemiz» акциясы аясында қызметкерлердің күтіміндегі 179 жалғызбасты зейнеткер мен мүгедектерге ыстық тағам жеткізу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, I-II ші топтағы мүгедектігі бар «ерекше» балалар, жетім балалар, жалғыз басты зейнеткерлер, тыл қызметтерін және 109 сенім телефонына хабарласқан азаматтар (мәліметтер жаңартылғаннан кейін) азық-түлік / гигиеналық өнімдермен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні қарт адамдарға, жалғыз басты азаматтарға көмек көрсетудің келесі механизмі жасалынды.

Көмек келесі тәртіпте көрсетіледі: өтініштерді оператор, сағат 10:00-17:00-ге дейін 27-10-28, 8702 519 45 29 телефондары арқылы, анкета толтырылғаннан кейін, көмекке мұқтаж қарт адам туралы ақпаратты жинақтап (азық түлік, дәрі-дәрмек қажеттілігі) қабылдайды. Өңдеуден кейін қосымша көмек көрсету үшін мобильді топқа жіберіледі.
Осындай жағдайда төмендегілерді негізге алған дұрыс:

1. Туыстарыңызға, әкімдіктің бөлген қалалық маршруттарымен (жеті маршрут бар) немесе өз көлігіңізбен 06-00 ден 09-00 дейін немесе 17-00 ден 20-00 дейін мекен-жайға бара аласыз

2. Кейбір жағдайларда әкімдік, тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін арнайы көлікпен қамтамасыз етеді.

3. Қорғаншылары немесе туыстары болмаған жағдайда әкімдік ыстық тамақ пен қажетті көмек ұйымдастырады.

4. Туыстарыңызға барған кезде карантин ережелерін қатаң сақтаңыз және қорғаныс құралдарын қолданыңыз.

5. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және сіз баратын туысқаныңыздың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ( электронды болса да) болуы керек.

Осындай жағдайда, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзу мақсатында пайдаланбауды ескертеміз себебі қарт адамдар ауруға осал екенін ескеруді сұраймыз. Тиімдісі – бұл қала әкімдігінің орталықтандырылған жеткізу, тасымалдауы» делінген постта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз