«Nur Otan» партиясы: Тең мүмкіндіктер

1587920316 v695 c90aaf86 750x422 2 Жаңалықтар

Атырау облыстық мәслихатына үміткерлердің бір тобы Жылыой ауданы жұртшылығымен кездесті.

Айтпай Сисенов, Қайрат Еңсепов және Жәнібек Бертілеуов әлеуметтік тақырыптар төңірегінде сөз қозғап, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.
Айтпай Сисенов үш толқынға бөлінген сайлау нақаны туралы айта келе, партияның Жылыой ауданы бойынша жасақталған бағдарламасын таныстырды. «Аудан дамуының 7 басымдылығына сай жасақталған құжатта маңызды мәселелер айқын көрініс тапқан. Яғни, экология, инфрақұрылым, мәдениет, білім, денсаулық секілді арнайы тақырыптарды қамтыған бағдарламаға сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлер негіз болды. Қай салада болмасын, ілерілетуді көздеген бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар өте көп. Сапалы жол, таза ауыз су, спортты дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, заманауи ойын алаңдарын салу да нақты межеленген» деген ол «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
Жылыой – тұрғындар көп шоғырланған әрі өнідірісті аудан. Коронавирус инфекциясының таралуына орай жұмыс орындарының саны қысқарып, көп адамның қызметсіз қалғаны жасырын емес. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында межеленген жұмыстарға сай, жұмыссыздар санын қысқарту – басты ұстанымның бірі. Жаңадан ашылатын нысандар туралы толық айтып өткен кандидат Жәнібек Бертілеуов «Партияның басты ұстанымы осы, яғни, халықтың жағдайын жасау» деді. Үміткер сөзіне сай, Жылыой ауданы бойынша жасақталған бес жылдық бағдарламда бірнеше ірі кәсіпорындар ашылуы жоспарланған. «2021 жылы Құлсары қаласында бетон өндірісін іске қосу, 2021-2023 жылдары Теңіз кен орнында келешек кеңею зауытының құрылысы, 2022 жылы Құлсары-Майкөмген автокөлік трассасының 7-ші шақырымындағы өндірістік аймаққа полимерлі пластик, целлофан шығару зауытын іске қосу, 2024 жылы Теңіз кен орнында «Теңізшевройл» ЖШС-інің зауытының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Аталған нысандардың ашылуы экономиканы өрістетіп қана қоймай, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуға мол мүмкіндік бермек» деді ол. Өз сөзінде «Nur Otan» партиясының үлкен мүмкіндіктер партиясы» екенін атап өткен Жәнібек Нұрсұлтанұлы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Жылыой аудандық мүгедектер бірлестігінің жетекшісі Қайрат Еңсепов – облыстық
мәслихат депутатына кандидаттардың бірі. Ол мүгедектер мәселесінің әркез назарда болғанын қалайды. «Аудандағы ғимараттарда арнайы пандустардың жоқ немесе талапқа сай еместігі жасырын емес. Ғимаратты салған мердігер мекеме пандусқа да жауапты болуы қажет емес пе? Егер пандус жоқ немесе стандартқа сай емес, яғни, жүруге қолайсыз болса, неге олар қайтадан салып беруге міндеттелмейді? Осы мәселелер нақты шешімін тауып, әлеумет үшін қолайлы жағдай жасалса. Бағдарламада көрсетілген жұмыстардың орындалысына мүдделіміз» деді ол.
Басқосу барысында кандидаттар «әркез ашықтықты қолдау «Nur Otan» партиясының негізгі ұстанымы» екенін айтып, тұрғындар сауалдарына жауап беруге дайын екендерін жеткізді. Алдағы сайлау науқанына белсенділікпен қатысып, партияны қолдап дауыс беруге шақырды.


«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз