ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Осыған орай, алдыңғы күні оны Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қабылдап, осы марапатты салтанатты жағдайда табыстады.
Ермек Аққалиұлының саналы ғұмыры тоқсан жылдан астам тарихы бар өлке баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық «Атырау» газетінің редакциясында өтіп келеді. Оның 1971 жылы телетайпшы-радист, корректорлықтан басталған журналистік жолы кейіннен аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы қызметтерімен жалғасты. Яғни, Ерекең осы салаға қырық бес жылдай мезгілін арнап, осынша уақыт табан аудармастан бір ұжымда еңбек етуде. Бұл, әрине, ізіндегі іні-қарындастары мен соңынан ерген жастарға үлгі, өнегеге толы ғибратты кезең екендігі даусыз. Осында ол көптеген ізбасар шәкірттер тәрбиелеп, талабын ұштады, шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына өзіндік үлесін қосты. Түрлі тақырыпта қалам тербеп, басылым беттерінде оқырманға ой салып, қоғамдық пікір қалыптастырар құнды жарияланымдары жарық көрді.
Қабылдауда «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Берішбай да әріптесіне жылы лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
* * *
Қаламгерді жоғары марапатымен құттықтау одан әрі «Атырау» газетінің редакциясында жалғасты. Ұжым алдында Ермек Аққалиұлын газеттің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, экономика және әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі Дәулетқали Аруев, шолушы Ағиба Қатешова құттықтап, отбасына амандық, қызметте тың жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.
Д.ЛАТИФҰЛЫ.