Атырауда тек қана аналарға арналған тегін курстар ашылып жатыр

1 7 Жаңалықтар

«Курсты аяқтап шыққан аналар өз кәсібін аша алады. Жоба көпбалалы, аз қамтылған, жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған» деп хабарлайды Atr.kz

Жобаға қатысу үшін өтінімдер 20 сәуірге дейін қабылданады. Бұл туралы белгілі волонтер, қоғамдық белсенді Әйгерім Жәрдемқызы «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

«Consolidated Contractors Company» компаниясының қолдауымен және «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін #BILIMFORALL жобасы тігінші, аспаз, SMM-маманы, шаштараз және визажист атануға мүмкіндік береді.

Жоба 1 мамырдан бастап өз жұмысын бастайды. Жоба көпбалалы, аз қамтылған, жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды қолдауға арналған» деп жазды ол парақшасында.

Жоғарыда аталған мамандықтың кез-келгенін таңдау мүмкіндігі бар. Анықтама телефоны: 8 (778) 215 12 31.

169800589 1438466766323512 1342144456371566341 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз