Кадр резерві: жастарға үлкен мүмкіндік

8dac00ec 2779 4fc9 9298 b2c2a9504384 Жаңалықтар

Санаулы күндерден кейін Президенттік жастар кадр резервіне кандидаттардың құжаттарын қабылдау басталады. Жақында облыстық әкімдікте өткен жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов кезекті іріктеудің басты ерекшеліктерін атап өтті.

Департамент басшысының айтуынша, кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады. Ал, биылдан бастап үміткерлер салалық орталық органдар өкілдерімен әңгімелесу өткізеді. Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және  5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

84ea8730 c18b 4876 bcb5 5ec93748d198

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

Бірінші кезең – резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау. Ол 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесінде және онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Сөйтіп, бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады. Ал, екінші кезеңде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағаланады. Келесі кезең ситуациялық тапсырмаларды шешуден тұрады. Ол үміткерлердің таңдаған салалық бағыттарына байланысты ситуациялық тапсырмалар түріндегі нақты проблемаларды шешуге деген көзқарасын бағалауға бағытталған. Төртінші кезең Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді. Бесінші бөлімде сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелеседі. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары тартылады. Соңғы кезеңде – Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады.

f636611b ca42 4326 8f7a 3f913a1f639c

Резервке алынған мамандар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси қызметтерге, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік «Б» корпусының басшылық және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді. Яғни, 75 пайызы жұмысқа орналастырылған.

 –Бұл – жастарға үлкен мүмкіндік. Мен өзім мемлекеттік қызметке келу үшін еңбек жолымды қарапайым көлік жүргізушісінен бастадым. Сондықтан, алынбайтын қамал жоқ. Әрине, көпшілік адамифактор болғандықтан, таныс-тамырдың туысы ғана өтеді деген пікір туындауы мүмкін. Алайда, мүлде олай емес. Жасырын код берілгендіктен, сарапшылар кімнің жұмысын бағалап отырғанын да білмейді. Егер жастар күн сайын ізденісте болса алынбайтын қамал жоқ. Әртүрлі ситуациялардан шығу да үлкен еңбек,-дейді Ерлан Ермаханбетов. 

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз